Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда көлік жүргізушісі полицейдің үстіне дәретін төкті

Қарағандыда үстіне зәрін төккен мас көлік жүргізушісіне қол жұмсаған полицей жұмыстан шығарылып, темір тордың ар жағына жіберілуі мүмкін. Бұл туралы Қарағанды облысы, Жезқазған қалалық соты хабарлайды.

1434903091lotzm

Сурет today.kz

Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасында жол-патрульдік полициясы болып жұмыс істейтін 23 жастағы жігіт 5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.

Оқиға 2015 жылдың 2 желтоқсанында болған. Жезқазған қаласындағы Абай көшесі бойында қызметтесімен бірге тәртіпті қадағалап жүрген полицей, оңды-солды бұрылып жүріп бара жатқан автокөлікті байқап қалып ізге түседі. Сигнал бергеніне қарамастан, көлік жүргізушісі жүрісін тоқтатпаған.

Полицейлер көлікті тек Кеңгір ауылының маңында ғана қуып жетеді. Алкогольдік ішімдікке қатысы барын анықтау үшін көлік жүргізушісі наркодиспансерге жіберілген. Алайда сараптама оның қанында алкоголь жоқ деген шешім шығарған. Алайда сараптама нәтижесі ауысып кетуі мүмкін деген күдікке байланысты, жүргізуші кіші дәретін тапсыруға мәжбүр болады. Дәретханадан шығып келе жатқан көлік жүргізушісі, ыдыстағы зәрді өзін ұстаған сержанттың үстіне әдейі төгіп жібереді. Дәрігердің бөлмесіне кіріп кеткен көлік жүргізушісінің ізінен қуған сержант, оны шапалақпен тартып жіберген.

Сотта полицей өзін басындырғысы келмегенін, ар-намысын сақтағысы келгенін айтқан. Алайда сот оны қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деп жазаға тартты.

Ал көлік жүргізуші болса шапалақтан басқа, денесіне басқа да жарақаттар түскенін дәлелдеуге тырысқан. Бірақ, оның да бұл әрекеті еш дәлелдеусіз қалды.

Полиция қызметкері ҚР ҚК 362 бабының 4 тармағына сәйкес 5 жылға бас бостандығынан айырылатын болды. Оның артында екі баласы мен әйелі қалды.

Талқылау