Қарағандыда екі жолдас бала күртеше үшін ер адамды өлтіріп мәйітін жасырып кеткен
Қарағандыда спорттық күрте үшін ер адамды өлтіру бойынша іс қаралды. Екі айыпталушыны сотталды.
Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Екі сотталушы ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 7-бөлімшесі (Алдын ала келісім бойынша бір топ адамның адамды өлтіруі) бойынша айыпты деп танылды. Біреуін 16 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтейді. Кәмелет жасқа толмаған екіншісі 11 жылға сотталды. Ол жазасын жалпы режимдегі тәрбие беру колониясында жазасын өтейді», – деді қылмыстық сотта.
Іс материалдарына сәйкес, екі жолдас ер адамды спорттық күрте үшін өлтірген. Жігіт пен жеткіншек жертөледе ішімдік ішіп отырған. Біреуі екіншісіне боксерлік шеберлігін көрсетпек болған. Ол күртесін шешіп, оны су құбырына іліп қойды. Кейін жолдастар күрте жоғалғанын байқады. Жертөлені тексерген олар басының астына күртені салып жатқан ер адамды көрген.
Екеуі ер адамды ұрып өлтірген. Мәйітін жертөледегі топырақтың астына жасырған. Кейін іздерін суытты.
Жіберіп алмаңыз:
Дін істері министрі Ермекбаев «ифтар», «машалла» сынды сөздерді пайдаланбауға кеңес берді
Бұл әйел өзін сәби кезінде құтқарып қалған медбикені 38 жыл бойы іздеп тапты (фото)