Қарағандыда атақты сауда үйінен алтын мен иіс сулар қолды болды
Қарағандыда ұры атақты сауда үйіне кіріп, қымбат алтындар мен иіс суларды ұрлап кеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Сурет top-reyting.ru
Ғимаратта дабыл жүйесі болмағанын олар алдын ала білсе керек. Өйткені, кіре беріс есікті еш алаңдамастан бұзып кіріпті. Сауда үйін емін-еркін аралап, алтын сататын 10 бірдей дүңгіршекті тып -типыл еткен.
Ол аздай, шетелдік иіссуларды да қыстыра кетіпті. Оқиға орнында полиция жұмыс істегендіктен тауар қожайындары мен сатушылар күні бойы дүкенге кіре алмай азан-қазан болды.
Талқылау