Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 9-сынып оқушысы 10 айлық інісін мұзға құлатып өлтіріп алды

Қарағандылық қыз он айлық сәбиді мұз қатқан жерге құлатып алды, алған жарақаттың салдарынан нәресте көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170304152404

Қайғылы оқиға Қарағанды облысының Октябрь ауданында болған. Әйел өзінің тоғызыншы сыныпта оқитын қызын 10 айлық інісімен бірге серуендеуге жіберген. Тайғақ жолға келген кезде бойжеткен інісімен бірге құлап қалды.

Қыз комаға түсіп қалған інісін пәтерге алып келген. Сол жерден оны дәрігерлер алып кеткен.

«Нәресте төртінші дәрежелі кома күйінде түсті. Ол есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оның миы ісіп, асқазан ішінде қан кеткен», – деді облыстық клиникалық балалар ауруханасында.

Прокуратура нәрестенің өлімі бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

 Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Рудныйда 12 жастағы қыз асылып қайтыс болды

Бурабайдағы асқа келген қонақтар жылқы етінен уланып қалған

23 жастағы қызылордалық қыз 11 пәтерді тонап кеткен

Талқылау