Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 7-сынып оқушысы асылып қалды

Қарағандыда 7-сынып оқушысы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқушы қыз өз үйінде асылып қалған жерінен табылды. Ол өзіне қол салған уақытта анасы өзге бөлмеде болған. Қызының асылып тұрғанын ортаншы ұлы алғаш болып көрді.

Оқушы қыз анасы басқа бөлмеде үш жастағы баласын жұбатып жатқан кезде өзіне қол салған. Оның өлі денесін ең алдымен жаттығудан оралған үйдегі ортаншы ұл көрген.

Марқұм қыз №23-мектепке  үш ай бұрын ауысып келген. Өзге оқушылардың айтуынша, марқұм қыз хат жазысып, суицид тақырыбын талқылаған.

Оқушыны суцидке итермелегені туралы әңгімелерді директор жоққа шығарды.

«Қызымыз белсенді өмір салтын ұстанатын. Сабағы қанағаттанарлық. Мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысып жүрді. Ата-аналары да мектеп басшылығымен тығыз байланыста болды, жиналыстардан қалып көрген емес, қыздарының оқу үлгерімін сынып жетекшісінен сұрап біліп отыратын», – дейді мектеп директоры Нұркен Ашықбаев.

Тағы да оқыңыз:

Түркияда сол қолмен тамақ жеуге тыйым салынды

Бахтияр Артаев «Astana Arlans»» бокс клубының директоры болып тағайындалды

Актер Ерлан Біләл сотта көзіне жас ала отырып соңғы сөзін айтты

Талқылау