Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 5 жасар қызды зорлаған педофил тағы 1 ай қамауда отырмақ

Сәтбаев қаласындағы атышулы педофил оқиғасына қатысты жаңа деректер шықты. 5 жасар қызды зорлаған 50 жастағы педофил тергеу жұмыстары аяқталғанша тағы бір ай абақтыда отыратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот атышулы істі тергеу уақытын, сондай-ақ, бүлдіршінді зорлаған педофилдің қамауда отыру уақытын ұзартты. Қылмыстық-процесттік кодексте көрсетілген екі ай жеткіліксіз болып шықты. Себебі бірқатар сараптамалар жасалып үлгермеді.

Айта кетейік, 23 шілде күні 40 жастағы азамат 5 жасар қызының жоғалып кеткенін полицияға хабарлады. Сол күні тәртіп сақшылары 50 жастағы Сәтбаев тұрғынын қолға түсірді. Зорланған 5 жасар қыз педофилдің пәтерінен табылған болатын. Бұдан кейін педофил баланы зорлағанын мойындады.

Бүлдіршінге ота жасалды, сондай-ақ, онымен психологтар жұмыс істеді.

Жіберіп алмаңыз:
Талқылау