Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында емшектегі сәбиі бар әйел Сириядағы соғысқа аттанған

Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласында ДАИШ террорлық ұйымы қатарында соғысуды жоспарлаған ерлі-зайыптыларды жауапқа тартты. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

jihad_vs

“Емшектегі баласы бар ерлі-зайыптылар наурыз айында Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Ері мен әйелі Бішкек қаласына жетіп, сол жақтан Түркия арқылы Сирияға қарай өтпекші болыпты. Отбасының әкесі “ДАИШ” террорлық ұйымы қатарына кіріп, “Жиһадқа” қатысуды жоспарлаған”, – делінген хабарламада.

Осы дерек негізінде Сәтпаев қалалық соты үкім шығарды. Ерлі-зайыптылар террорлық ұйымға қосылмақшы болған және шекараны заңсыз кесіп өткен әрекеттері үшін айыпталды. Ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал әйелі емшектегі сәбиіне байланысты 6 ай шартты мерзімге жазаланды.

Прокуратура мәліметі бойынша, Сәтпаев қаласында бір жыл ішінде екі адам терроризм дерегі бойынша айыпталып сотталған. Біреуі 6 жыл 5 айға бостандығынан ажыраса, екіншісі 5 жыл арқалапты.

Талқылау