Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 5 жыл сексуалды құлдықта болған әйелге қатысты іс тоқтатылды

Қарағанды облысының  тұрғыны өзінің 13 жыл бұрын сексуалды құлдықта болғанын айтып арыз жазған еді. Алайда іс аяғына жетпей тоқтатылды.

Жәбірленуші туыстарымен араласпайды. Тұратын баспанасы жоқ. Уайымнан денсауалығы да сыр берген, деп хабарлайды 31 арна.

Қарлығаш Омарованың айтуынша, ол 17 жасында құлдықта болған. Оны ШҚО-дағы Курчатов қаласына алып кетіп, жұмысқа салған. Шаруа қожайыны әйелді 5 жыл бойы зорлап келіпті. 5 жылдан соң оның қашып шығуына шопан көмектескен. Қарлығаш ол жақтан қашып кеткен соң ғана өзінің жүкті екенін біледі. Қазір қызы 13 жаста. Ол интернатта тұрып жатыр.  Қарлығаш бұл оқиға жайлы қорыққанынан 13 жыл бойы ешкімге тіс жармайды. Тек арада 13 жыл өткен соң ғана полицияға арыз жазады. 5 ай бойы тергеу жүрді. Алайда куәгерлер табылмағандықтан іс жабылды.

«Оқиғаның13 жыл бұрын болғанына байланысты айғақ зат таппадық. Куәгерлер табылмады. Тек сарапмата нәтиежі бойынша жәбірленушінің қызының әкесі ШҚО тұрғыны екенін дәлелденді», – дейді облыстық тергеу басқармасының тергеушісі Серьгей Епатько.

Карлығаштың қашуына көмектескен басты куәгерді табылған жоқ. Ол Ресейде тұрады. Өзге куәгерлер жәбірленушінің сөзін растаған жоқ. Енді Қарлығаш қызының әкесінен тек алимент қана өндіре алады.

Тағы да оқыңыз:

Головкин «Канеломен» айқасынан кейін P4P-рейтингінде түсіп қалды

Алматыда қолына шприц ұстаған ер адам көлік астына түсіп қалды

Оралда мұғалімдер оралмал таққан оқушыларды мектепке кіргізбей қойды

Талқылау