Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысы ауруханасында тағы бір бала көз жұмды

Осыдан бес күн бұрын аурухана төсегінде үш жасар қыз қайтыс болған Қарағанды облысында тағы бір бала көз жұмды. Теміртау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының ақ халаттылары баланың күрделі ішек ауруынан мерт болғанын айтады. Бірақ бір жарым жастағы перзенттерінен айырылып қалған ата-ана бұған сенбейді. Сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетілмеді деп, дәрігерлердің өзін кінәлап отыр.

 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алғашқы жаңа жылын қарсы алған бір жарым жастағы Аслан Манасовтың өмірінің тым қысқа болғанына жақындары әлі де сене алар емес. «Перзентіміздің өліміне дәрігерлердің кінәсі басым»,  – дейді анасы. Өйткені ақ халаттылар бүлдіршіннің қол-аяқтары мұздап, еріні көгергенше әрекет етпеген, сөзінше.

«Дұрыс қараған жоқ. Дәрігерлерге ақша керек екен. Содан кейін түсіндім, ақша салсаң, саған қарайды», – дейді Асланның анасы Мақпал Жарылқасынова.

«Қаңтардың екісі күні қызуы көтеріліп, Теміртау қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына түскен Аслан өз бетінше жүгіріп, тамақ та ішкен», дейді жақындары. Күрделі ішек ауруы диагнозын қойған дәрігердің нұсқаулығын орындап, балаға су да берілген көрінеді. Бірақ бүлдіршіннің жағдайы жақсарудың орнына, сағат сайын ушыға бергенін айтады ата-анасы. Ал кейін сәбидің демі, тіптен тоқтаған.

«Олар көңіл бөліп қарамаған. Врач пен медсестралар. Медсестраға айтсаң, медсестра білмеймін дей берген ғой. Менің міндетім емес деп айтқан ғой, – дейді Асланның әкесі Әуелбек Әбдіқадыров.

Ал тиісті ем берілді деген дәрігерлер балаға толық күтім жасалғанын айтады.

«Бүлдіршінге дәрігер белгілеп берген ем-дом шаралары көрсетілді. Баланың жағдайы жақсара бастаған. Бірақ аяқ асты демі тоқтап қалды. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Жақын күндері неден қайтыс болғаны белгілі болады», – дейді Теміртау қалалық орталық аурухананың директоры Самат Кенжибаев.

Бүлдіршіннің энтероколит дертінен қайтыс болғаны туралы қорытынды шығарған алдын ала сот-медициналық сараптамасы әлі де жүргізілетін болады. Мамандар бүлдіршіннің неден әлсіреп, көз жұмғанын анықтауға тырысады. Ал дәрігерлердің бақылауында бола тұрып, қайтыс болған Асланның өліміне қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Қақпанға түскен арыстанды туыстары 3 жыл бойы тамақтандырып, қамқор болған

Алматыда 3 жасар баланың анасына іздеу жарияланды

Оралда дүкеннен сатып алынған күріш суда өзімен-өзі еріген (видео)

СҚО-да бір отбасының 15 жылға несиеге алған үйі жанып кетті

2018 жылы қандай әуе рейстетерін мемлекет қаржыландырады

Талқылау