Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда Масленица мерекесі кезінде алаңдағы қуыршақты өртеген әйелге айыппұл салынды

Қарағандыда Масленица мерекесін тойлау кезінде алаңдағы қуыршақты өртеген әйелге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Оқиға 1 наурыз күні Солтүстік-Батыс ауылында болған.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, мерекені атап өту идеясын олар 25 ақпанда жалпы көршілердің чатта талқылаған, онда учаскелік полиция қызметкері де болған. 1 наурызда тұрғындар рәсім өткізу үшін жиналған. Полиция қызметкерлері бастан-аяқ шараны бақылап отырып, қуыршақты жағу сәтінде ғана араласып, рәсімді ұйымдастырушыға айыппұл салған.

Жергілікті тұрғындар мұндай шешімге таңқалды, себебі оларға тыйым туралы алдын ала ескертілмеген.

Полицияның мәліметінше, бұл жиын әкімдік келісілмеген. Полицейлер тәртіпті қамтамасыз ету үшін оқиға орнына келген, әрі ұйымдастырушыларға өрт сөндірушілер мен жедел жәрдемнің қатысу қажеттілігі туралы алдын ала ескерткен. Шараның рұқсаты болмағандықтан және қоғамдық орында от жағылғандықтан, ұйымдастырушыға әкімшілік хаттама толтырылған.

Талқылау