Қарағандыда машина жасау зауытынан өрт шықты
26 ақпанда Ә.Бөкейханов атындағы ауданда "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатырында өрт шықты. Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
ТЖД жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 58 адамы және 16 техникасы жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша өрт сөндірушілер сағат 07:52-де 400 шаршы метрге жайылған қызыл жалынды ауыздықтады.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, сағат 08:22-де өрт түгелдей сөндірілді.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті