Қарағандыда ер адам базар әкімшілігімен жанжалдасып, өзін өртеп жібермек болды (видео)

Қарағандыда ер адам базар әкімшілігімен жанжал кезінде өзін өртеп жібермек болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 26 наурызда Қарағандыда “Горняк” базарында болған. Ер адам базар әкімшілігімен болған жанжал кезінде өзін-өзі өртемек болған. Дауға базар басшылығының оның сауда контейнерлерін алып кетуге тыйым салуы себеп болған. Осыдан кейін 33 жастағы ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан.
Семейде айыппұл арқалаған зейнеткер полицияның екі бірдей қызметтік көлігін өртеп жіберді
Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жетті. Полиция мен әкімдік қызметкерлерімен жүргізілген келіссөздерден кейін ер адам өз ниетінен бас тартты.
Қазір саудагер әкімдік ғимаратында.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адам әйелін қылғындырып өлтіріп, денесін өртеп жібергені туралы жазған едік.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі