Қарағандыда банк қызметкерлері 17 миллион теңгені жымқырды
Қарағандыда банктердің екі қызметкері алаяқтық жолмен 17 миллион теңгені жымқырғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері банктердің бірінің 27 жастағы ер – менеджерін ұстады. Оның интернет-алаяқтықтың үш фактісіне қатысы бар-жоғы анықталды.
Ер адам алдау және сенімге қиянат жасау жолымен, қызмет бабын пайдалана отырып және азаматтардың дербес деректеріне қол жеткізіп, қаскүнем өзі жұмыс істеген банкте де, микрокредиттік ұйымдарда да кредиттер ресімдеген. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы 4 млн 770 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ, полиция 31 жастағы ер адамның - басқа банктің қызметкерінің қызметін тоқтатты. Ол өзінің қылмыстық схемасын клиенттерге мерзімі өткен несиелер бойынша көмек көрсету сылтауымен жүзеге асырған.
Қарағанды қаласына арналған 2021 жылдың ораза кестесі
"Қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға несие беру бойынша он екі факт анықталды, келтірілген залалдың жалпы сомасы 12 миллион теңгені құрады. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп атап өтті облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.