Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда балабақшаның екі есепшісі 15 жыл бойы өздеріне 300 миллион теңгеден астам ақша аударып алған

Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Қарағанды ​​облысының прокуратурасы "№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізіп, 300 миллион теңгеден астам қаржының жымқырылығанын анықтады. 

Белгілі болғандай, аталған мекеменің екі есепшісі 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударып келген. Ұрланған қаражат – 300 миллион теңгеден асты.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Бұған дейін Ұлытау облысында Ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы қаржы жымқырды деген күдікке ілінген еді.

Талқылау