Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда әуесқой хоккей матчында ойыншы мұз айдынында мерт болды (видео)

Фото: Видеодан скрин

Қарағандыда “СКА-Приозерск” әуесқой командасының хоккейшісі мұз айдынында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы оқиға Қарағандыда өткен әуесқой хоккей лигасының матчы кезінде болған. Сол ойында ойнап жүрген 46 жастағы ер адамның мұз айдынында кенеттен жағдайы нашарлап кеткен. Алдымен ол өзін жайсыз сезініп, тізерлеп отырған. Содан кейін есі-түссіз күйде құлаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның сол жерде қайтыс болғанын анықтаған.


Ұлттық ойын кезінде шабандоздар екі автокөлік зақымдап, жылқыны таптап кете жаздады (видео)


Матч кезінде қайғылы оқиға орын алды: Бас бапкер көз жұмды


Дәрігерлердің мәліметінше, биологиялық өлім ол құлаған сәттен кейін бірден болған. Демек жедел жәрдем келген кезде ер адам есін мүлде жимаған.  Бұл ақпаратты Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы растады. 

Айта кетейік, бұған дейін “Хан Тәңірі” футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу  “Хан Тәңірі” – “Екібастұз” клубтары арасындағы ойын кезінде есінен танып, көз жұмған еді. 

Диас Төлеу Алматының “Қайрат” клубының тәрбиленушісі болып, осы маусымда “Хан Тәңірі” клубының сапында өнер көрсеткен. Ол команда атынан 25 матчқа шығып, үш гол соққан.

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 20:17