Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 15 жасында тұрмысқа шыққан қыздың әкесі бұрынғы әйелі мен күйеуін соттауды талап етті

Қарағандыда 15 жасында тұрмысқа шыққан қыздың әкесі бұрынғы әйелі мен күйеуін соттаулы талап етті

Фото: Видеодан скрин

Қарағандыда 15 жастағы мектеп оқушысын 38 жастағы ер адамға әйелдікке беріп жібергендерге қатысты сот процессі басталды.  Қыздың әкесі өзінің бұрынғы әйелі мен оның күйеуін жазалауды талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызды еріксіз тұрмысқа берген ерлі-зайыпты сотқа куәгер ретінде қатысып жатыр. 

“Қыздың анасы мен оның күйеуі –  күдікті. Олар қызды ересек ер адамға тұрмысқа беруді көздейтін діни ағымның өкілдері. Мұндай жағдай басқа балалардың басынан өтпеуі үшін білім бөлімі әйелді ата-ана құқығынан айыруды талап еткен. Алайда сот бұл талапты қанағаттандырмады”, – дейді қыздың әкесі.

Ол тергеуде олқылықтар бар деп санайды. Сондықтан ол Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне шағымданған.

“Олар іс бойынша куәгер ретінде ғана өтіп жатыр – бұл дұрыс емес. Өгей әкесі күдіктінің жақын достарының бірі, оларды 10 жылдан астам уақыттан бері білемін. Ол қызды үш рет зорлаған. Олар қыздың өмірін бүлдірді, бәрін жоқ қылды, ал өздері ештеңе болмағандай куәгер болып жүр. Мен олардың да жауапқа тартылуын талап етемін, – дейді ер адам.

Бұған дейін 15 жастағы қызды әйелдікке алған 38 жастағы ер адамның 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазған едік.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында ер адам 15 жастағы өгей қызын өз досына күштеп күйеуге берді деп айыпталған еді. 

Айым Болатқызы
Жұма, 03 Қазан, 2025 08:54
Талқылау