Қарағанды шахталарында таспалы конвейерлерді бақылаудың жаңа жүйесі енгізілуде
Qarmet компаниясының көмір шахталарында таспалы конвейерлерге арналған жаңа автоматты өрт сөндіру жүйелері орнатылып жатыр. Бұл жабдық жер асты өндіріс орындарында орнатылып, бірден екі маңызды қызметті атқарады. Атап айтқанда агрегаттардың жай-күйін тұрақты бақылап, түтіннің шығуын алдын ала анықтайды.
Конвейерлік механизмдерде жоғары механикалық жүктеме мен үйкелістен туындайтын температураның салдарынан түтіннің пайда болу қаупі өте жоғары. Сол себепті 2024 жылы Qarmet компаниясының Көмір департаментіне қарасты шахталарда барлық конвейер таспалары тозуға төзімдірек жаңа таспаларға ауыстырылды.
"Қозғалыстағы бөлшектер қызып кеткен жағдайда, жүйе температураның көтерілуіне жауап беріп, электромагнитті клапанға сигнал жібереді. Ал ол өз кезегінде су жіберіп, түтіннің алдын алады. Бұл өндірістік қауіпсіздікті арттыру жолындағы маңызды қадам", – деп атап өтті Костенко атындағы шахтаның бас механигі Виктор Майфат.
Бақылау камералары конвейердің бүкіл ұзындығы бойымен әр 300 метр сайын орнатылады. Бұл барлық таспа бойын толық қамтуға мүмкіндік береді. Технологияның басты артықшылығы – бүкіл жүйені үздіксіз қашықтан бақылау мүмкіндігі. Мұндай тәсіл бұрын қолжетімді болмаған.
Жаңа жүйе алғаш болып Костенко атындағы шахтада енгізілді. Қазір жабдық "Абайская" шахтасында орнатылуда. Ал жыл соңына дейін бұл жаңарту компанияның барлық шахталарын қамтиды.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы заманауи шешімдерді енгізу – Qarmet компаниясының қауіпсіз әрі жоғары тиімді өндірістік орта құруға бағытталған стратегиясының маңызды бөлігі.

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
