Қарағанды облысының шахтерлері мен металлургтері үшін тегін медициналық тексеру қолжетімді болды

Qarmet компаниясы өндірістік медицинаны қайта жаңғырту бағдарламасын іске асырды. Осы жоба аясында 2025 жылы кең ауқымды медициналық қызмет көрсететін QarMed клиникалық-диагностикалық орталығы ашылған. Мұнда консультациялық көмектен бастап заманауи диагностика мен медициналық құжаттарды рәсімдеуге дейінгі қызметтер бір жерде ұсынылады.
Жыл сайынғы міндетті медициналық тексерулер шеңберінде Qarmet қызметкерлері орталықта кешенді тексеруден тегін өтіп, бейінді мамандардың кеңесін ала алады. Бұл – компанияның өндірістік медицинаны жүйелі түрде жаңғырту және персоналдың денсаулығын нығайтуға бағытталған бағдарламасының бір бөлігі.

Орталық сапалы, қолжетімді және жедел медициналық көмектікезексіз ұсынуға бағытталған. Қабылдауды білікті жалпы тәжірибе дәрігерлері мен бейінді мамандар жүргізеді. Олардың қатарында терапевт, кардиолог, хирург, оториноларинголог, офтальмолог, невропатолог, дерматолог, акушер-гинеколог, психиатр-нарколог және басқа да мамандар бар.

Ғимарат күрделі жөндеуден кейін толықтай жаңартылды. QarMed заманауи сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай жаңа медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталықта эндоскопиялық зерттеулер (ФГДС, колоноскопия), функционалдық диагностика (ЭКГ, холтерлік мониторинг, СМАД, тредмил-тест, спирография, ЭЭГ, аудиометрия), сондай-ақ сәулелік зерттеулердің толық кешені — МРТ, УДЗ және рентген қолжетімді.

Сонымен қатар орталықта барлық азаматтар үшін міндетті медициналық тексерулер жүргізіліп, 073/у, 075/у, 076/у нысандарындағы анықтамалар, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған 028/у нысанындағы қорытындылар рәсімделеді. Зертханалық талдаулар үшін қан алу қызметі де көрсетіледі.

Мекеме күн сайын сағат 08:00-ден соңғы клиентке дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Қ. Аманжолов көшесі, 10. Бұл орын қала мен облыс тұрғындары үшін де қолайлы. Жазылу және кеңес алу телефондары: +7 (7212) 49 30 25, +7 700 771 86 84, +7 (7212) 49 30 28.

QarMed медициналық орталығы – заманауи диагностика, кәсіби көзқарас және компания қызметкерлері мен өңір тұрғындарының денсаулығына жүйелі қамқорлық көрсетуді мақсат етеді.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр