Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды мен Павлодар облыстарындағы дала өрті оқшауланды (видео)

Құтқарушылар Қарағанды облысындағы табиғи өрттің оқшауланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖД

"Қарағанды облысында табиғи өрт оқшауланды. Өртенген жер аумағы анықталып жатыр", – делінген ТЖД хабарламасында.

Павлодар облысындағы дала өрті де оқшауланып, түгелдей сөндірілді. Қазір өрттің ауданы анықталып жатыр.

Төтенше жағдай министрлігі Шыңғыс Әріновтың айтуынша, өрт Ресей Федерациясынан басталған. Сөйтіп қызыл жалын 500 гектар аумақты шарпыды. Ол Қарағанды ​​облысы мен Баянауыл ұлттық саябағындағы өртпен күрес туралы баяндады.

“6 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданымен шектесетін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында құрғақ шөп өртенді. Күштер мен құралдарды үйлестіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штаб құрды. Вице-министр өртті сөндіргуе атсалысып жатыр”, – деді министр.

Әріновтың айтуынша, Павлодар облысының 18 тұрғыны көрші ауылға көшірілді. Өңірдегі дала өрті ауыздықталды.

“Өрт толығымен бақылауға алынды. Бүгін Қарағанды ​​облысында да осындай нәтиже көрсетеміз. Астана, Ақмола және Абай облыстарынан қосымша топ келіп қосылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның ұшақтары да жұмылдырылды”, – деді Шыңғыс Әрінов өз сөзінде.

Министр  Қостанай облысының құтқарушылары Ресеймен шекарада тағы бір өртті ауыздықтағанын атап өтті.

“Бүгін түнде Қостанай облысында Ресей Федерациясы жағынан 500 гектарға жуық аумақта дала өрті басталды. Дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында ол да оқшауланды. Қазір жағдай тұрақты”, – деді министр.



Еске сала кетейік, 6 қазанда Қарқаралы ауданында дала өрті басталып, одан әрі от 45 мың гектар жерді шарпыған еді. Оқиға орнында құтқарушылардың жұмысын басқарған жедел штаб құрылды.

Талқылау