Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясында жүк вагондары релстен шығып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 вагон

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

"Қазақстан темір жолы" АҚ-ның мәліметіне сәйкес оқиға 3 қарашада болған. 

"3 қараша күні сағат 03.45-те жеке меншік жол бойында „Шұбаркөл Көмір“ АҚ станциясындағы жеке кірме жолында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті", — делінген хабарламада.

Локомотив жекеменшік тасымалдаушыға тиесілі. Аталған құрамды жеке компанияның локомотив бридасы басқарған. 

"Қазақстан темір жолы" компаниясы апат өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмегенін мәлімдеді. 

Назархан Уән
Жексенбі, 03 Қараша, 2024 12:42