Қарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқы тиеп алған ер адам ұсталды
Қарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқыны тиеп алған ер адам ұсталды. Ол полицейлерге малдың өзінікі екенін дәлелдейтін құжаттарды ұсына алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Polisia.kz
Оқиға 11 желтоқсанда Нұра — Теміртау республикалық автожолында анықталды. Полиицейлер жолдан Audi көлігін тоқтатқан. Кейін тексеру барысында оның ішінде жылқы болғаны анықталды.
“Көлік жүргізушісі, Бұқар Жырау ауданының тұрғыны, жылқының өзінікі екенін дәлелдейтін және оны тасымалдауға қатысты ешқандай құжат ұсына алмады. Жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары ветеринариялық инспекцияға жолданды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жылқының нақты иесін анықтап, жануардың ұрланған-ұрланбағанын тексеріп жатыр”, – деді ведомство.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен