Қарағанды облысында үйде газ баллоны жарылып, екі адам мерт болды
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты. Мұны аудан әкімі Абылай Сұлтанғали Instagram желісінде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдай 30 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 00:07-де Әуезов көшесіндегі екі қабатты, екі подъезі бар 12 пәтерлі тұрғын үйде болды.
Жарылыстан кейін екінші қабат опырылып түсті. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайдың салдарын реттеуге 45 адам мен 13 техника жұмылдырылды.
Қазір үйінді астынан бес адам шығарылып, Ботақара ауылының орталық ауруханасына жөнелтілді. Зардап шеккен үйдің тұрғындары баспанамен қамтамасыз етілді. Оқиғаның салдарын жою үшін барлық қажет шара қабылданып жатыр. Жағдай облыс әкімінің бақылауында.
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінде 8 (7212) 51-72-23 телефоны бойынша сенім телефоны жұмыс істейді.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”