Қарағанды облысында үш жасар баланы өлтірді деп айыпталған ер азамат өзіне көрсетіліп жатқан қысым жайлы айтты
Қарағанды облысында 3 жасар Максим Ғарифуллинді айуандықпен өлтірді деп айыпталған ер азамат үкімді сот алқасы шығарсын деген ниет білдірді. Сот отырысы 18 желтоқсан күні басталып, айыпталушы Игентай Сопыжановқа ҚР ҚК-нің бірден үш бабы бойынша айып тағылды. Аталған жазалар бойынша ол тіпті өмір бақи бас бостандығынан айырылыуы мүмкін екен. Алайда айыпталушы бұл қылмысты мойындауға оны күштегендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
23 жастағы Игентай Сопыжанов бұрында да сотқа тартылған көрінеді. 2014 жылы 17 жастағы күдіктіге әйелді балтамен ұрып өлтірді деген айып тағылған екен. Айыпталушы қатты қорқып қалған көрінеді, Ол сөйлейтін кезде бетін жауып, дұрыс жауап беруден қашып, жалтаруға тырысты. Сопыжанов бірден үш бап бойынша жауап береді: ол Максим Ғарифуллин ұрлап, оны тұтқында ұстап және артынша өлтіргені үшін айыпталды. Ол қолға түскен соң бірден қылмысын мойындапты. Алайда сот барысында күдікті өзін тәртіп сақшылары тарапынан қысым көргендігін жеткізіпті.
Марқұм баланың анасы Ника Васильевна мен Сопыжанов мектеп кезінен бері кездесетін көрінеді. Күдіктінің бұл қылыққа неліктен барғаны әлі белгісіз, десек те көз жүмңан бүлдіршіннің анасы Сопыжановқа ең ауыр жаза беруді сұраған. Бұған қоса ол өз кінәсі бар екендігін жасырмады.
"Ол түрмеден босап шыққан соң ауруханаға келе бастады. Екі ай ішінде тілімді тауып, сеніміме кірді. Айтуынша, ол менің туыс әпкемді өлтірген, ал мен оған сеніп қалдым. Менің де кінәм бар", - деді Ника Васильева.
Бурма ауылының тұрғындары олардың арасында болған жанжал мен жаға жыртыстың куәсі болыпты. Мерзімінен бұрын босап келген Сопыжанов жиі ұрыс шығаратын болған. Қыркүйек айында тағы бір жанжал шығып, Сопыжанов Максимдің анасының қолынан тартып алып, жоғалып кетіпті. Анасы өз баласының артынан жүгіре жөнелмепті, себебі оның "сүйіктісі" ізін суытып үлгерген.Үш күн өткен соң баланың денесі ауыл сыртынан табылған.
Сарапшылар баланың екі қабырғасы сынңандығын, бас сүйегі мен оң жақ өкпесіне зақым келгендігін анықтапты. Алдағы уақытта сот барысы кезінде істің мән-жайы айқындалады. Сот үкімі жақын арада шықпайтын секілді, себебі Сопыжанов бұл істі сот алқасы өз қолына алуын сұрапты.
"Бұны өзі қалады. Мен оған сот алқасы бас бостандығынан ұзақ жылға айыруы мүмкін деп ескерттім. Дегенмен ол өз еркімен таңдады. Менің ойымша, сот алқасы көбіне заңға қатысы жоқ адамдардан жиналатындықтан, Сопыжанов соны таңдады", - деді адвокат Сергей Алимов.
Игентай Сопыжанов шағымына байланысты оны соққының астына жыққан тергеушілердің ісі тексерілетін болады. Ал айыпталушы үш бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін.