Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында учаскелік тірек пунктінен жалаңаш қыздың мәйіті табылды: Ауруханадан шыққан полицей қызметінен босатылды

Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысындағы тірек пунктінде қыздың мәйтінің жанынан табылған учаскелік полиция қызметкері теріс себептермен жұмыстан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазір тірек пунктіндегі оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

“Ауруханадан шыққан учаскелік инспектор ішкі істер органдарынан теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды”, – деп мәлімдеді өңірлік полиция департаменті.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам 23 қазанда ауруханадан шығарылды.

Еске салайық, бұған дейін 30 қыркүйек күні кешке Қарағандыдағы учаскелік полиция тірек пунктінен жалаңаш қыздың мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды. Полицей жансақтау бөлімінде комада жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол белгісіз затты шамадан тыс қолданған. Қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Айта кетейік, болған жағдайға қатысты бірнеше полиция қызметкері жұмыстан шығарылған еді. 

Айым Болатқызы
Жұма, 14 Қараша, 2025 16:40
Талқылау