Ұлытау облысындағы түрмеде сотталушыларды азаптау ісі бойынша 11 қызметкер сотталды
Ұлытау облысында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесінде сотталушыларды азаптау фактісі бойынша 11 қызметкерге қатысты үкім жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеген.
"Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталушыны азаптау қолдану фактісі бойынша осы мекеменің 7 және Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4, жалпы 11 қызметкерге қатысты үкім жарияланды”, – делінген хабарламада.
Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі: Жәбірленушілер сотта адам шошырлық ақпараттармен бөлісті
Прокурорлар тергеу барысында күдікті қызметкерлердің 11 сотталушыны азаптанынын дәлелдеді.
"Сот үкімімен Мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы Мекеменің басқада 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекеме және Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің қызметкерлеріне қатысты азаптау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталғаны туралы жазғанбыз.