Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында шаруа егістігіне түскен 17 жылқыны атып тастаған

Видеодан скрин

Қарағанды облысы Нұра ауданында шаруа қожалығының иесі жеріне түскен жылқыларды қырып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Егіні орылған алқапта жайылған бір үйір жылқыны бақташы қарап жүрген екен. Бақташының айтуынша, көлігімен құйғытып келген шаруа қожалығының иесі оқты қарша боратқан. Жылқылар мен бақташы жан-жаққа қаша жөнелген. Диқаншы қатарынан 17 бас жылқыны атып тастапты. Оның ішінде үшеуі ғана аман қалған. Арам қатқан 14 жылқы ит-құсқа жем боп, сайын далада сасып қалды. Оқиғадан кейін полиция қожалық иесінің көлігінен оқ-дәрі тапқан. Ал мылтық жоқ болып шықты. Куәгерлер күдіктіде қару болғанын растады.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

“Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмысты істеді деген күдікпен полиция қызметкерлері 53 жастағы Нұра ауданының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр”, – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Дана Русланқызы
Сенбі, 11 Қазан, 2025 09:40
Талқылау