Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікті соғып, үш адам қаза тапты

рельс pixabay

Фото: Pixabay.com

Қарағанды ​​облысында жолаушылар пойызы Mazda көлігін соғып, салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы оқиға 17 қыркүйек сағат 12:54-те Ақадыр-Қарағанды ​​учаскесінде, Жарық пен Дарияның аралығында болған.

"Күзетілмейтін теміржол өткелінде жолаушылар пойызы сағатына 92 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда, Mazda көлігі рельске шығып кеткен. Машинист шұғыл тежеуді басса да, көлікті соғып кетті. Жүргізуші мен екі жолаушы өте ауыр дене жарақаттарын алып, мерт болды", – делінген хабарламада.

Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына хабарланды.

ҚТЖ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, барлық жол қозғалысы қатысушысын теміржол өткелдері ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Компания әсіресе түнде сақ болу керегін атап өтті.

Еске салсақ, Қарағанды облысында жолаушылар пойызы апатты жағдайда тоқтап, жолаушылар зардап шеккен еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 18 Қыркүйек, 2025 11:13
Талқылау