Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды ​​облысында мас депутат ер адамды қарумен қорқытқан

Қарағанды ​​облысында маслихат депутаты мас күйінде 60 жастағы ер адамды қарумен қорқытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Жанжал 21 қазан күні Ахметауыл ауылында болған. Жәбірленушінің қызының айтуынша, жанжал әкесінің жолда депутаттың көлігін айналып өтуінен басталған. Депутат ер адамның үйіне дейін келіп, оның басына қару тақаған. Бойжеткен оқиға туралы әлеуметтік желіде мәлімдеді. 

БАҚ-та тараған ақпаратта күдіктінің депутат Серік Бекмағамбетов екені айтылған. 

Фото: facebook.com/Серік Бекмағамбетов

Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Полицияның мәліметінше, депутат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған.


Ақтөбеде көлікті мас күйде айдап, жұмыстан шығып қалған депутат жаңа лауазымға тағайындалды


"21 қазанда Қарағанды ​​облысы Нұра ауданы, Ахметауыл ауылында белгісіз біреу мас күйінде 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқаны туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты. Сот шешімімен оған қатысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 15 тәулікке қамауға алынды", – делінген хабарламада. 

Полицияның хабарлауынша, бұл іс бойынша "қорқыту" және "атыс қаруын заңсыз алып жүру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қылмыстық іс Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. 

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында депутаттың екі полиция қызметкерін соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Талқылау