Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында екі отбасы бір моланы бөлісе алмай жүр

Қарағанды облысында екі отбасы бір моланы бөлісе алмай жүр

Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысында екі отбасы бір зиратты бөлісе алмай отыр. Марқұмдарды жерлеу рәсімі бір жыл бұрын, бір апта айырмашылықпен өткен. Алайда қазір отбасылар сот арқылы зиратта кімнің туысы жерленгенін анықтай алмай әлек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айгүл Жамиленова 2024 жылы қарашада Бұқар жырау ауданы, Құрылыс ауылындағы мұсылман зиратында анасын жерлеген. Қабір қазуға орынды зират күзетшісі мен жеке кәсіпкер берген. Ол қабірді қазып, оның жөндеу жұмыстарына 160 мың теңге ақша алған. Жазда Айгүл мен күйеуі мазар салуға келгенде, ол жерде бөтен адамның аты-жөні жазылып, зират қоршалып тұрған.

“Қабірді қазған адамға телефон шалдым, телефоны сонда жазылған екен. Мен одан “неге бұлай істедіңдер деп?” сұрадым. Ол біздің қателесіп тұрғанымызды айтып, бұл жерге досы әпкесін жерлегенін, қабірді өзі қазып бергенін айтты”, – дейді Қарағанды облысының тұрғыны Айгүл Жамиленова.

Айгүл қоршау қойған адамды тауып, қоршауды бұзуды талап етті. Бірақ екіншісі бұдан бас тарты. Өзі болған жағдайға қатысты пікір айтудан бас тартты, бірақ ол қабірде өз әпкесі жерленгеніне сенімді. Айгүл полицияға арыз жазды, бірақ полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды. Айгүл Бұқар жырау ауданының сотына жүгініп, қоршауды бұзу мен эксгумация жасауын сұрады. Сот оның бұл талабын да қанағаттандырмады, эксгумация да жасалмайтын болды.

“Бір қабірде екі адам болуы мүмкін емес. Менің ойымша, бір клиент орынды шатастырып, марқұмды қайда жерлегенін ұмытып қалған. Өкінішке қарай, есеп жүргізілмейді, өйткені ресми әкімші жоқ”, – дейді жеке кәсіпкер Амангелді Жүнісов.

Айгүл Жамиленованың анасын жерлеуге 40 адам қатысты. Ол 40 адамның бәрі бірдей қабірдің қай жерде қазылғанын ұмытып қалуы мүмкін емес деп отыр. 

“Сот шешіміне апелляциялық шағым түсірдік. Сот біздің өтінішімізді, яғни сенім білдірушімнің анасының мәйітін эксгумациялау жөніндегі сот сараптамасын тағайындау туралы талабымызды қанағаттандырмады. Негізінде дәл осы сараптама арқылы қабірде кімнің жерленгенін анықтай алар едік”, – дейді Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Бауыржан Изделеуов.

Айгүл де бір қабірде екі адамның жерленуі мүмкін емес дейді.

“Олар келіп, анамды қазып алып, орнына өз әпкесін жерлеп қоймаса ғана... Үстіне жерлеуі мүмкін емес, мен ол жерде анам жатқанын нақты білемін. Егер олар басқа әйелге ескерткіш орнатса, онда мен анамды еске алу үшін қайда барамын”, – дейді Айгүл.

Егер апелляциялық сот алғашқы шешімді өзгеріссіз қалдырса, адвокат қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына қайта жүгінбек. Ал тағы да бас тартылса, прокуратураға шағымдануды жоспарлап отыр.

Айым Болатқызы
Сенбі, 21 Ақпан, 2026 18:56