Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында ер адам балалар ауруханасында дәрігерлерді соққыға жыққан

Фото: Polisia.kz кадрларынан скрин 

Қарағанды облысында балалар ауруханасында сөзге келіспеушілік барысында екі дәрігерді ұрған 38 жастағы ер адам ұсталды. Оған қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 12 маусым күні болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы облыс тұрғыны сөзге келіспеушілік барысында екі дәрігерге дене жарақатын салған. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Медицина қызметкерлеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүзеге асып жатыр.



"Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң түрде қамтамасыз етіледі. Әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеті – қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуы ретінде бағаланып, жол берілмейтін жағдай саналады”, – делінген хабарламада.

STAN.KZ
Жұма, 13 Маусым, 2025 11:12
Талқылау