Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде 33 жастағы қызметкер қаза тапты

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру барысында 33 жастағы азамат қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданында дала өртін сөндіру кезінде болған. 

"33 жастағы 24-ӨСБ аға өрт сөндіруші Хайрат Хали қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапты. Өлім жағдайлары нақтылануда. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары көз жұмған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 



Дала өртін сөндіру барысында төрт адам зардап шеккен. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Төрт науқастың да жағдайы тұрақты деп бағалануда. 

Өрттің алдын-ала ауданы 3000 гектардан асқан. Бұл шамамен 4200 футбол алаңына тең.

Еске салсақ,  Қазақстанның екі облысында 3 мың гектар аумақта алапат өрт болғанын хабарлаған едік.

Талқылау