Қарағанды ауруханасында балалар тағамынан қара қоңыздар табылған

Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жоспардан тыс тексеріс басталды. Бүгін онда кішкентай пациенттерге тауық еті қосылған палау берілген. Алайда тағамның ішінен жәндіктер табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, оқиға балалардың жұқпалы аурулар бөлімінде болған. Тамақ салынған контейнерден қара қоңыздар шыққанын байқаған балалар асты жеуден бас тартты. Ата-аналар аурухана әкімшілігінен түсініктеме талап етіп, сол палауды өздеріне де ұсынып көруді ұсынған.
Ата-аналардың айтуынша, ауруханада сырттан әкелінетін тағамға қатаң талап қойылады. Енді олар аурухананың өз тамағын жеуге де қорқып отыр.
Медицина қызметкерлері өз кезегінде ауруханада жеке ас блогы жоқ екенін айтты. Тамақ арнайы компания арқылы жеткізіледі. Бүгін жеткізілген тағам партиясы толықтай ауыстырылған.
Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Люция Гомельдің айтуынша, жағдай аурухана әкімшілігіне белгілі.
"Ақпарат түскен бойда жедел түрде қажетті шаралар қабылданды. Жеткізуші компания өкілі дереу шақырылып, тексеріс жүргізілді. Тамақтың бүкіл партиясы ауыстырылды. Қосымша ақпарат тиісті қызметтерге тексеру және шара қабылдау үшін жолданды", – деп пікір білдірді аурухана басшылығы.
- "Іші құрттап жатады": Алматы әуежайындағы сусын аппараты жолаушыларға шіркейге толы шырын жасап берген
-
Семейде мектеп асханасында бәліштің ішінен тышқанның жүні табылған
Еске салайық, бұған дейін де Қазақстан мектептерінде асхана сапасына қатысты шағымдар жиі тіркелген. Жетісу облысы Көксу ауданындағы №2 Медеубай Құрманов атындағы мектеп асханасында сатылған самсадан тірі құрт шыққаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиғаға байланысты аудандық білім бөлімі санитарлық тексеріс басталғанын хабарлады.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге бопсалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты