Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында дүкен тонамақ болып, сатушыны пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Қарағанды ​​облысының Саран қаласында дүкен сатушысын пышақтап өлтірді деген күдікпен 50 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

22 қаңтар күні Саран қаласында белгісіз біреу азық-түлік дүкенінің сатушысына пышақпен шабуыл жасаған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Онда ер адамның азық-түлік дүкеніне пышақпен кіріп келгені, одан әрі сатушы әйел мен күдікті арасында қақтығыс болғанын көруге болады.

"Саран қаласының 27 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. 50 жастағы ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда", – делінген Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің мәлімдемесінде.



Полицияның мәліметінше, ер адам дүкенді тонамақ болған.

"Күдіктінің ауыр қылмыс жасауына ақша түрткі болғаны анықталды. Ер адам күш қолданып, пышақпен қорқытып, дүкеннің кассасын тартып алмақ болған. Алайда сатушы қарсылық танытып, сол кезде пышақ жарақатын алған. Қылмыс қаруы – пышақ тәркіленді", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасап, ұйқы артериясын жарып жібергені туралы жазған едік.

Талқылау