Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қараған сайын жүрегім ауырады": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды

Танымал тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы алғыс айту мерекесінде марқұм жолдасын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Тележурналистің күйеуі, белгілі меценат Қайрат Беркінбаев 58 жасында дүниеден озған еді. 

“Бұл сурет өзіме ыстық болғанымен, қараған сайын жүрегім ауырады. Жақындар, дос-жарандар осы фотоны қойып, көңіл айтқан еді. Ең бақытты сәттеріміздің бірі. Бірінші кезекте мені қорғап, қолдап, еркелетіп, жанарымдағы отты сөндірмеген азаматыма алғысым шексіз. Жатқан жерің жайлы болсын, Қайрекем”, – деп жазды журналист. 



Сонымен қатар, қиын сәтте жанында болған анасына алғыс айтты. Естелікке қалсын деген ниетпен, фотосессия да жасаған. 

“Менің анам өте жұмсақ адам. Жүрегі мейірімге толы, қанша ашуланса да, ренжісе де бетімізге тік қарап сөйлеп, ұрысқан емес. Ескертуін, ақылын алыстан әкеліп, ақырын жеткізеді.  Үндемей қоя салғанынан-ақ ренжіп тұрғанын сезетінбіз. Өзін фото мен видеодаға түсіру қиындау. Кеңес кезінің адамы ғой “қойшы, қайтеміз, ұят қой” дегенді алға тартады. "Күшті естелік болады, қазір әдемі қып жасайды, кейін шөбере-шөпшектеріңізге көрсетеміз, құрбыларыңызға жібересіз, ертең мерейтойыңызда видео жасаймыз", деп жүріп көндірдік. Мың алғыс, саған, анашым”, – деп ризашылығын білдірді продюсер. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Еске салайық, журналист алғаш рет тамақ жасаған сәтін еске алғанын жазған едік. 

Талқылау