Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар, жел және көктайғақ: Синоптиктер еліміздің 14 өңіріне дауылды ескерту жариялады

дауылды ескертуФото: freepik.com

Қазгидромет 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктер Астана мен еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Астана қаласында жаңбыр мен қар, бұрқасын және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 20 м/с, күндіз 23 метр секундқа дейін, екпіні 20 метр секундқа дейін жетуі мүмкін.

Ақмола облысы аумағында жауын-шашын, жаңбыр, қар болады. Ал күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Бұрқасын, көктайғақ, жел 20 метр секунд, кей жерлерде (батыс, оңтүстік, шығыс) 28 метр секундқа дейін күшейеді.

Көкшетауда жаңбыр мен қар, бұрқасын және көктайғақ болу ықтималдығы жоғары.

Жамбыл облысының оңтүстігін, таулы аудандарын түнде және таңертең тұман басады. Желдің екпіні 20–28 метр секундқа дейін күшейеді. Таразда түнде және таңертең тұман, жел екпіні 20 метр секунд болады.

Павлодар облысында жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің екпіні оңтүстігінде 22-дан 23 метр секундқа дейін күшейеді. Павлодарда да жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болып, желдің екпіні 20 метр секундқа дейін жетеді.

Атырау облысының батысын түнде және таңертең тұман басады

Ұлытау облысының батысында және солтүстігінде таңертең және күніз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын болады. Солтүстік, шығыс және орталық аудандарда желдің жылдамдығы 20–23 метр секундқа жетеді. Жезқазғанда жел 18 метр секундқа дейін күшейеді.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде аздаған жауын-шашын жауып, күндіз жаңбыр мен қар түседі. Қарағандыда түнде және күндіз аздаған жаңбыр мен қар, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел 20 метр секундқа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болып, кей жерлерге тұман түседі. Жел 20–23 метр секундқа дейін күшейеді. Петропавлда жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, жел 20 метр секундқа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні кей жерлерде 20 метр/секунд. Оралда түнде және таңертең тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде және шығысында желдің жылдамдығы 20 метр секундқа дейін жетеді. Ақтөбеде жел 18 метр секунд.

Түркістан облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарда тұман болады. Күндіз солтүстігінде, батысында және таулы аудандарда жел 20 метр секундқа жетеді. Түркістанда күндіз желдің екпіні 20 метр секунд.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде, ал солтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады. Жел 20–25 м/с дейін күшейеді.

Семейде түнде жаңбыр мен қар, көктайғақ, бұрқасын болып, жел 20 метр секундқа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең солтүстігін тұман басады. Желдің жылдамдығы 20–23 метр секунд, Өскеменде жел 18 метр секунд.

Қостанай облысында жңбыр мен қар, көктайғақ, бұрқасын, кей жерлерде тұман болады. Күндіз солтүстігінде және шығысында қатты жауын-шашын, жел 20–23 метр секундқа дейін жетеді. Қостанайда жаңбыр мен қар, көктайғақ, бұрқасын, жел 20 метр секунд болады.

Қазгидромет мамандары тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуды, жолда сақтық шараларын қатаң сақтауды және алыс сапарды кейінге қалдыруды ұсынды.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 08 Қараша, 2025 18:37
Талқылау