Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар жауып, бұрқасын болады: "Қазгидромет" алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

Қар жауып, бұрқасын болады: Фото: Ru.freepik.com

Синоптиктер 16, 17 және 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Республиканың басым бөлігінде ауқымды циклон жүріп өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның көп бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады. Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Таулы аймақтарда бұрқасын болады.

Республика бойынша екпінді жел соғады. Оның жылдамдығы секундына 15–20 метрге, кей жерлерде секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде және таңғы уақытта тұман болуы ықтимал.


Қостанай облысында бірқатар мектептер қашықтан оқытуға көшті


Атырау облысында қолайсыз ауа райының салдарын жою жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті


Температуралық фон да өзгереді. Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 аяздан 3-13 аязға дейін ауытқиды, күндіз 0-15 аяздан 3 аяз-5 жылуға дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта температура 7-15 аяздан 12-28 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-15 аяздан 8-18 аязға дейін болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 3-11 аяздан 5-20 аязға дейін төмендеп, күндіз 5 аяз -2 жылудан 1-13 аязға дейін өзгеруі мүмкін.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 15 Желтоқсан, 2025 16:51