Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар жауып, боран болады": Қазақстанның 15 аймағында дауылды ескерту жарияланды

Фото: freepik.com

Қазгидромет 2026 жылдың 3 ақпанында Қазақстанның 15 аймағында дауыл туралы ескерту жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарын тұман басады. Ал оңтүстік-батыс желдері шығысқа қарай ауысып, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, боран соғады. Ал облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде қатты қар жауады. Күні бойы жауын-шашын жауып, боран болады. Түнде тұман басып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Күні бойы облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15–20 метр секундқа жетіп, 4 ақпанда ауа температурасы күндіз -15…-20°С төмендейді.

Орал қаласында 3 ақпанда түнде қар мен боран, күні бойы жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, боран, көктайғақ болып, тұман басады. 

Атырау облысының батыс, солтүстік, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күні бойы облыстың солтүстік, оңтүстік, шығыс бөлігінде желдің жылдамдығы 15–20 метр секунд болады. 4 ақпанда күндіз ауа температурасы -5…-10°С, 5 ақпанда түнде -17…-22°С дейін төмендейді. Атырауда 3 ақпанда тұман мен көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында батыс, солтүстік, орталықта көктайғақ, тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік, шығыс және орталықта желдің жылдамдығы 15–20 метр секундқа жетеді. 4 ақпанда күндіз температура батыс, солтүстікте 0–5°С, солтүстік-шығыста -8°С, 5 ақпанда түнде және күндіз -7…-12°С дейін төмендейді.

Шығыс Қазақстан облысында батыс, солтүстік, орталықта қар жауып, боран болады. Түнде солтүстік пен оңтүстікті тұман жабады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күні бойы облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15–20 метр секундқа жетеді.

Абай облысында 3 ақпанда түнде батыс, солтүстік, орталықта қар, төменгі қабатты боран, күні бойы қар мен боран болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады; оңтүстік-батыс және орталықта желдің жылдамдығы 15–20 метр секундқа жетеді.

Жетісу облысында солтүстік, шығыс және тау аймақтарында төменгі қабатты боран, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, шығыс, тау аймақтарында желдің жылдамдығы 15–20 метр секундқа жетеді.

Қызылорда облысында орталық, шығыс, солтүстікте тұман, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында түнде көктайғақ болып, тұман жабады. 

Қарағанды облысында түнде қар, төменгі қабатты боран, көктайғақ, күні бойы солтүстік, шығыс, оңтүстік бөліктерінде қар, боран, көктайғақ, тұман болады. Қарағандыда түнде және таңертең қар, боран, көктайғақ болып, тұман басады. 

Ақтөбе облысында күннің екінші жартысында оңтүстік-батыста көктайғақ болады. Шығыс және орталықтаы тұман басады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батыс және орталықта желдің жылдамдығы 15–20 метр секундқа жетеді.

Ұлытау облысында түнде және таңертең шығыста қар, боран, көктайғақ, тұман болады. Жезқазғанды да тұман басады.

Түркістан облысының тау аймақтарында түнде күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Батыс, солтүстік, оңтүстік, тау аймақтарын тұман басады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстікте, тау аймақтарында желдің жылдамдығы 15–20 метр секундқа жетеді.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігін тұман басады. 

Жамбыл облысының тау аймақтарында боран, көктайғақ болып, тұман басады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, тау аймақтарындажелдің жылдамдығы 15–20 метр секундқа, кейде 23 метр секундқа жетеді.
Ал Таразда тұман болады.

Ақмола облысында солтүстік, оңтүстік, шығыста қар, боран болып, батыс және оңтүстігін тұман басады.

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 23:00