Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар барысы өзімен суретке түскісі келген әйелге шабуыл жасап, бетін жарақаттады (видео)

Фото: Видеодан скрин

Қытайда турист әйел қар барысына жақындап, селфи жасамақ болған сәтте шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

БАҚ мәліметінше, әйел шаңғымен сырғанап жүрген. Қонақүйге қайтып бара жатқан жолда ол қар үстінде жатқан қар барысын байқаған. Билік бұл аймақта жыртқыштың пайда болғаны жөнінде алдын ала ескерту жасаған. Турист оған қарамастан жануарға шамамен үш метр қашықтыққа дейін жақындап, суретке түспек болған.


Билік Қазақстандағы қар барысы санының күрт азайғаны туралы ақпаратты теріске шығарды


"Онда елтаңбаны да ауыстырыңыз": Алматы тұрғындары қар барысы муралын жарнамалық суретке ауыстырғанына наразылық білдірді


Қар барысы кенеттен әйелге шабуыл жасаған. Ол әйелді қалың қардың арасына құлатып, басып алған. Кейін оған айналасындағылар көмекке ұмтылған. Әйелдің беті қанға боялған.

Әйелді қар барысының шабуылынан басындағы шлем қорғап қалған. Нұсқаушы шаңғы таяқтарымен жыртқышты үркіткеннен кейін ғана шабуыл тоқтаған.

Әйел жергілікті ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Енді қазақстандықтардың паспортында қар барысының бейнесі таңба ретінде қолданылатыны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 27 Қаңтар, 2026 15:37