Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасына қатысы бар қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталды

Ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Ішкі істер министрлігінінің мәліметінше, 17 маусым күні Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. 

Топ мүшелерінің "қаңтар оқиғасының" белсенді қатысушыларымен байланысы бары анықталды. 



“Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігі бас прокуратураның үйлестіруімен адам саудасына қарсы шаралар өтіп, түрлі қаладан 49 қылмыс анықталғанын жаздық. Астанада 9 моншада қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу анықталған. 17 адамнан тұратын топ табылды. 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізіліп, ақша және алты автокөлік тәркіленді. Негізгі фигуранттар қамауға алынды.

Талқылау