Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғалары кезінде азап көрген қырғызстандық музыкант Қазақстанға келді

Қаңтар оқиғалары кезінде ұсталып, қауіпсіздік күштерінің қолынан азап көргенін мәлімдеген қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов Қазақстанға келді. Ол жәбірленуші ретінде Алматы облысы бойынша жедел-іздестіру шараларына қатысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

викрам рузахунов 22

Рузахуновты заңгер Бақытбек Автандил алып жүр. Оған қатысты азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс 2022 жылдың 10 ақпанында қозғалған. Музыкант содан бері азаптауға қатысқандардың табылмағанын айтады.

"Тіпті азаптау құрбандары анықтаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері де күдікті ретінде танылмайды, азаптау айғақтары жойылып, адвокаттар мен жәбірленушілерге берілмейді", - дейді ол.

Рузахуновты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша басшылығы шақырды. Музыкант азаптау әрекеттері жүргізілген полиция бөлімінің бастығы да жауапқа тартылуы керек екенін жеткізген.



Еске салайық, 9 қаңтар күні Қазақстанның мемлекеттік телеарнасы 2 қаңтарда Алматыға билет сатып алғанын және митингілерге қатысқаны үшін Қырғызстаннан 90 мың теңге алуға келгенін айтқан, әбден соққыға жығылған азаматты көрсетті. Алайда бұл азаматты көпшілік бірден танып, оның қырғыз музыканты Викрам Рузахунов екені белгілі болды. Халық арасындағы резонанстан кейін Рузахуновты дереу отанына қайтарған. Ал 10 ақпанда музыкант өзін қазақстандық күш құрылымдары азаптағанын, өлімнен әзер аман қалғанын айтқан.

14 ақпанда Қазақстанда Рузахуновты азаптау фактісі бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі болды. 17 ақпанда Қырғызстан прокуратурасы да Рузахуновты азаптау фактісі бойынша іс қозғаған болып шықты.

2 шілдеде Қазақстанда Рузахуновтың денсаулығына келтірілген зиян "ауыр" деп танылғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау