"Қаңқу сөз "өгей" десе де": Тамара Асар күйеуінің марқұм ұлына жазба арнады

Танымал әнші Тамара Асар күйеуінің бірінші некесінен туған марқұм ұлы Әлішерге арнап жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің жоқтауы көпшілікті жылатты.
"Өндірдей болған өрен-ау,
Бауырыма басқан "бөлегім".
Құлағыңа сенің жетті ме,
Қапыда шыққан өлең-ау?..
Жұртшылық келдің жиылып,
Жұбатып жаттың қиылып.
Жұмаштың парлап көз жасы,
Жүрегіме толды-ау құйылып.
Әлішер кеттің шалғайға,
Сен қайда бүгін, мен қайда?
Торқадай болып топырағың,
Иманың жолдас болғай да.
Дұғада күнде отырмын
Талай да әлі оқырмын.
Қаңқу сөз "өгей" десе де,
Қайырын сұрап отырмын”, – деп жазды әнші.
-
"Мені көрген күннен "Мама" деді": Тамара Асар өгей ұлына жазба арнады
-
"Еркектің әділетсіздігіне көну керек": Тамара Асардың әйелдерге берген кеңесі қызу талқыға түсті
Одан кейін қайғы кезінде демеу болған көпшілікке алғыс айтты.
"Қиындықта қасымызда болып, алыстан-жақыннан көңіл айтып, қиындық бөліскен әрбір жанға бас иіп, рақметімізді айтамыз. Алланың ісіне шара жоқ, артының қайырын сұраймыз. Құдайдан үмітіміз бар. Жақсы күндер көп болсын. Жастар аман болсын! Дұғадамыз!", – деді эстрада жұлдызы.
Еске салайық, әншінің ұлын көлік қағып кеткен еді.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты