«Канелоның» тағы екі допинг сынамасының нәтижесі белгілі болды
Мексикалық боксшы Сауль “Канело” Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші жекпе-жегінің қарсаңында тапсырған тағы екі допинг-сынағының нәтижесі белгілі болды.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайердің мәліметі бойынша, Альварестің 3 және 5 наурызда тапсырған допинг-сынағының нәтижесі кленбутеролдың және басқа да тыйым салынған заттардың болмағанын көрсетеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Головкинмен айқасқа шығатын “Канелодан” допинг табылғаны хабарланған еді. Ал қарсыласының допинг қолданғанына қатысты пікір білдірген Головкин оның таза екенін дәлелдеуді талап етті.
Оқи отырыңыз:
Боксшы Назым Қызайбайдың зілдей балғамен жаттығу жасаған сәтінің видеосы пайда болды (видео)
Головкиннің спорттық мансабы қашан құлдырайды
“Барселона” мен “Арсенал” командаларында ойнаған футболшы “Қайратқа” келуі мүмкін
Головкин допинг сынамасынан қалай өтетіні туралы айтып берді
Талқылау