Канело Головкинмен жекпе-жегі алдында жасатқан ота жайлы айтты
Мексикалық боксшы Сауль Альварес тізесіне ота жасағанын айтты.
Спортшыға биылғы жылдың сәуір айында ота жасады.
“Менің кистімді алып тастады. Кейін ауырған шеміршектер бар болғандықтан тазалап тастады. Тізем көп уақыт ауырғандықтан, ота жасауға тура келді. Осыдан соң барып, жақсы жүгіріп, жақсы жаттыға бастдым. Қазір еш проблема жоқ”, – деді Альварес.
Айта кетейік, Альварес пен Головкин 15 қыркүйекте екінші рет кездеседі. Алғашқы кездесу секілді бұл жолы да айқас Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау