"Қандай әйел болғанымды ел көрді": Балжан Бидаш өмірлік мақсатынан сыр шертті
Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сұраққа жауап беріп, оқырманына ашуланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/
Эстрада жұлдызы “Әнші әртіс қыздар қатын болмайды, жігіттер" деген пікір білдірген оқырманына ренжіп қалды.
“Қандай әйел болғанымды бүкіл Қазақстан көрген болар. Бірақ келесі мақсатым әйел емес, сүйікті жар, аяулы ана әрі табысты келіншек болу", – деді Балжан Бидаш.
Айта кетейік, өнер иесі әзірге қарым-қатынас құруға дайын емес екенін жасырмаған еді.
“Мен махаббатқа сенемін. Жігіттерге сене бермеймін. Қарым-қатынастан аздап үркіп қалғаным бар”, – деген болатын әнші.
-
"Ешкімнің басына бермесін": Балжан Бидаш ажырасқан сәтін есіне алды
-
"Айтатын уақыт келді": Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өмірін айтып берді
Бұған дейін, өнер иесі шоумен, актер Жахан Отарғалиевпен некелесіп, кейін ажырасып кеткенін жазған едік.
“Кім болсын үйленіп жатқанда "ажырасып кетемін" деп ойламайды. "Соңына дейін сол жанмен бірге бақытты боламын" деп ойлайды. Тағдыр емес. Қарым-қатынасымыз тоқтау керек уакытында тоқтады. Ажырасу кімге болсын оңайға соқпайды. Депрессияда болғанда көзің көрмей қалады екен”, – деп жазған болатын Балжан.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
