Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаназдық ауруына таптырмас ем болған сірне тағамын әзірлей аласыз ба?

Қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан тағамдарының бірі – сірне. Диетолог мамандардың айтуынша, бұл тағам ақуыздар мен дәрумендерге бай. Ал дәрігерлер оның қаназдыққа таптырмайтын ем екенін тілге тиек етіп жатыр. Олай болса, оны бірге әзірлейік!

syrne-iz-govyadiny

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

Төл асымыз сірнені әзірлеуге көп уақыт кетпейді. Ол әр өңірде әртүрлі дайындалады. Бұрынырақта картоптың орнына саумал немесе қаймақ қосқан екен. Ұзақ уақыт өз сөліне піскен сірненің адам ағзасына пайдасы көп.

Сірнені әзірлеу үшін жас малдың еті, картоп, сәбіз, көк бұрыш, көк пияз, сарымсақ және аскөк қажет. Етті сүйегінен ажыратып аламыз. Артынша жас малдың етін орташа етіп тураймыз. Сүйектерді де мүмкіндігінше орташа етіп бөлу керек. Кесектеп тураған етімізді қазанға салып қуырамыз. Жақсылап қуырылған соң түрлі дәмдеуішпен дәмін келтіреміз. Артынша ірі етіп туралған картоп пен сәбізді салып, 40-45 минут баяу жанған отқа қоямыз. Осымен сірнеміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!


Жіберіп алмаңыз:

Ер азаматтардың күш-қуатын арттыратын “Жаужүрек” тағамын әзірлей аласыз ба?

Қазақтың мына ұлттық тағамы сіздің дәм сезу рецепторларыңызды “жарары” анық

Қазақ ұлттық асханасының ұмытылып бара жатқан 7 тағамы (фото)

Дәмі тіл үйіретін “майсөк” тағамының қалай жасалатынын білесіз бе?

Талқылау