Қанат Ислам Кукқа қарсы жекпе-жек алдында бата алды (фото)
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Астанада баспасөз мәслихатында жанкүйерінен бата алды. Ақсақал спортшыға жақындап Брэндон Кукпен жекпе-жекте сәттілік тіледі.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Жеңіліп көрмеген қос боксшының рингтегі кездесуі 9 қыркүйекте өтеді.
Канадалық боксшының промоутері Тайлер Бакстон атап өткендей, Брэндон жеңістен үмітті, рингке “кіммен, қайда шықса да”, жұдырықтасуға дайын.
Қазақстандық Қанат Ислам дайындығы жақсы екенін, қарсыласын жеңуге әзір екенін айтты.
Канадалық Брэндон Кук Қазақстанға қонақжайлығы үшін алғысын жеткізіп, бәрін ринг көрсетеді деді.
Оқи отырыңыз:
Әлем чемпионының анасы: Төреші Қайратымның қолын көтергенде, төбем көкке екі елі жетпей қалды
Шымкенттіктер Әлем чемпионатында жеңiспен оралған боксшыларды әуежайдан күтіп алды
ЧЛ: Қазақстан құрамасы Польшадан да 3:0 есебімен ұтылды
11 жасар қазақ баласы бөтелке үстінде тұрып кеуде көтеруден рекорд орнатты (видео)