Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канаданың қалашығында тұрғындар әкімді сайлай алмай отыр: Ешкім бұл қызметке келгісі келмейді

Канаданың кішкентай Кайл қалашығы ерекше мәселеге тап болды. Мұнда қазір қала басшысы тағайындалмай жатыр және 400-ге жуық тұрғынының ешқайсысы мэр болғысы келмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Мәселе қазіргі әкімшілік басшысы Джордж Уильямс отставкаға кеткеннен кейін басталды. Қала тұрғындарының ешқайсысы оның орнына отырғысы келмейді. Жергілікті тұрғындардан екі рет кандидатура ұсыну сұралған. Алайда бұл нәтиже бермеген.

Сайлау 2024 жылдың 13 қарашасында өтуі керек. Егер осы уақытқа дейін кандидат табылмаса, қалалық кеңес әкімнің міндетін атқарушыны таңдап, сайлаудың жаңа күнін белгілейді.

Басылым дерегіне сәйкес Кайл Канаданың Саскачеван провинциясының оңтүстігінде, Суифт Карренттен қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан. Қалашықтан 1960 жылдары жол салу кезінде 12 мың жылдық жүнді мамонттың сүйектері табылған. Қалада тіпті бойтұмарға айналған осы жануардың төрт метрлік мүсіні бар.



Кайлдың көрікті жерлеріне 1950 жылдары салынған және жазда жұмысын жалғастыратын ескі автомобиль кинотеатры, сондай-ақ жыл сайынғы жағажай волейбол турнирі кіреді. 

Талқылау