Канада тауларында қалып қойған 20 жасар қазақстандық қардан үңгір қазып сонда түнеген
Қазақстандық сноубордшы Арслан Жүніс қар құрсауында қалып қойды. Ол құтқарушылар келгенге дейін Канада тауларында түнеді. Арслан дүйсенбі күні түнде көмек сұрап, смс-хабарлама жіберген, бірақ құтқарушылар оны тек сейсенбі күні таңда тапты.
Арслан Жүністі таңертің тікұшақпен құтқарды. «North Shore Rescue» құтқарушыларының айтуынша, қазақстандық жігіт қатты тоңған, бірақ тауда түнегенін есепке алғанда оның жағдайын жақсы деп бағалауға болады. Арсланның өзі құтқарушылар келгенге дейін қарлы үңгірде түнегенін айтады. Ол іздеу бригадасына алғыс білдірді. Сол түні қуанышқа орай, ауа райы жылы болған.
Арсланның әкесі Бағлан Жүніс Kazakh Alpine Club президенті болып қызмет етеді. «Кеше Канада тауларында Арсланнан көмек сұраған хабарлама келді. Мен бірнеше рет құтқару операцияларына қатысқанмын (…) Арсланның тауда суық түнге шыдауы маңызды еді. Ол мұны жасай алды. Құтқарушылар арада 17 сағат өткеннен кейін Арсланды құтарды. Біз кеше күні бойы ұлымыз үшін жалбарындық. Ол жарады, барлығын дұрыс жасады. Үңгір қазып, дұрыс қымтанып, абдырамай құтқарушыларды күтті!», – деп жазды Арсланның әкесі Facebook парақшасында.
Жіберіп алмаңыз:
Үндістандық миллионер әкесі жоқ 200-ден астам қыздың тойын ұйымдастырып берді (фото)
Ерлі-зайыптылар жүкті әйелдің ішін жарып сәбиін алып қоймақ болған (фото)
Әжесі немересін ақылды ету үшін экстрасенстерге 43 миллион теңге төлеген