Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қамыс пен судың ортасында боламыз": Мадина Сәдуақасова отбасылық демалысын көрсетті

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова ерекше отбасылық демалысын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

мәдина сәдуақасоваФото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Өнер иесі қолындағы микрофонын қармаққа ауыстырып, балық аулап отырғанын көрсетті. 

“Жылына бір рет қамыс пен судың ортасында боламыз. Еш байланыссыз, инстаграмсыз өмір сүремін. Отбасыммен бірге келемін. Тым-тырыс, жан жағымызда түрлі “Қызыл кітапқа” енген құстар ұшып жүреді. Жігіттердің ұстап жатқан гигант- балықтардан көктал жасап, оттың жанындағы әдемі әңгімелер айтылады. Бұл жердегі күннің батуы да ғажап. Олжас пен Әнуардың демалыстардың ішіндегі ең ұнататындары осы – балық аулау. Екеуі сұмдық балықшы, ал мен олардың бақытты болып жүргенін көріп, екі есе бақытты боламын. Бұл жерге келу біздің отбасылық дәстүрге айналды. Бұйырса, келесі жылы тағы келеміз!”, – деп жазды әнші. 



Еске салайық, Мадина Сәдуақасова әріптесі Сәкен Майғазиевпен құда болғысы келетінін айтып, сынға қалған еді. 

“Бүгінгі тойға Олжас екеуміз ғана емес, ұлым Әнуарды да арнайы ертіп келдім. Өйткені сіздерде қыз бар, бізде ұл бар дегендей… Біз жай ғана емес, үлкен “намекпен” келіп отырмыз. Бұйырса, осы шаңырақта тағы да той болсын”, – деді эстрада жұлдызы. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 21 Шілде, 2025 14:10
Талқылау