Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал блогер Камилла Теңлік 18+ видеоларын жариялағанын мойындады

Say Mo және Камилла ТеңлікФото: instagram.com/tenlikova

Танымал қазақстандық блогер Камилла Теңлік “Фирсов” Youtube арнасына берген сұхбатында жеке видеоларын жариялайтын жабық Telegram-арнасы барын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Telegram желісінде блогердің “Tenli Fans” атты жабық арнасы бар. Оған кіру үшін ақы төлеу қажет. Ол арнаға өзінің жеке сурет-видеоларын жариялайтын көрінеді.

“Менің жабық Telegram-арнам бар. Мен онда 18+ сурет-видеоларымды жариялаймын. Ол арнаның ашылғанына біршама уақыт өтті, онда ешқашан 1000 жазылушыдан артық адам болған емес”, – деді блогер.

Блогердің айтуынша, арна оның кішігірім кәсібі. Ол мұндай кәсіппен айналысу себебін блогер болу да, музыкамен айналысу да жеткілікті табыс әкелмейді деп түсіндірді. 

“Біздің елде көпшілік танитын, танымал тұлғалар бар. Сондықтан көп тапсырыс сол кісілерге беріледі. Жаңа буын өсіп келе жатқанын түсінемін, олардың өзі ойы бар. Сондай-ақ менің ренішім бар десем де болады, менің музыкамен айналысып жүргеніме 2 жылдан асты. Мен түрлі тақырыпты көтеріп жүрмін, бірақ соған қарағанда менің тарап кеткен видеоларым көбірек рейтинг әкелді”, – деді ол.

Say Mo-мен кикілжің

Ең алдымен, Камилла Say Mo-мен (Мөлдір Есембек) ешқашан жақын құрбы болғанын айтты. Олар тек түсірілімдерде және жобалардың аясында ғана кездесіп жүрген. Блогер шынайы достарының медиасаладан мүлде алыс адамдар екенін алға тартты.

“Бізде жеке кездесіп, әңгімелесу деген болған емес. Көп адам “Бірге видео түсірсе, жақын құрбылар” деп ойлайды, бірақ олай емес. Мен үшін жұмыс пен жеке өмір деген екі бөлек дүние”, – деді ол.

Кейінірек Say Mo Telegram-арнасында Камилланың жеке видеоларын тарата бастаған. Желі қолданушылары әншінің бұл қылығына таңданып, неліктен мұндай әрекетке барғанын сұраған. Оған Мөлдір “Мен қыздарды, әйелдерді қолдаймын, бірақ жеңіл жүрісті әйелдерді, көңілдестерді және OnlyFans платформасын қолданатындарды қолдамаймын” деп жауап қайтарған. 

Бұған қоса Камилла Таиландта демалып жүрген кезінде қазақстандық желіде оның бұрынғы жігіті Nurik Smit жаңа туынды шығарған. Тыңдармандар рэпердің әніндегі сөздерден Камиллаға ишаралар байқаған. 

“Мен оның әніне таңғалдым, себебі біздің айырылысып кеткенімізге екі жыл болған. Неге екі жылдан кейін ғана маған қатысты сниппет түсіре бастағанын өзім де толық түсінбедім”, – деді блогер.

Nurik Smit-тің туындысына түсірілген клиппің үзінділері желіде тез тарады. Видеоларға Say Mo да қолдау білдіріп, “өте жақсы”, “кино” деген сыңайда пікір қалдырған. 

“Ол әндері арқылы мені қаралаған адамға қолдау білдіріп отыр. Мен мұны көргенде таңғалдым, өйткені ол менің бұрынғы жігітімді ең бірінші болып сынап, “Саған лайық емес” деп айтатын адамдардың бірі еді. Ал мұнда оны қолдап отыр. Бұл шынымен де түсініксіз, оғаш жағдай”, – деді Камилла.

Камилла осы тұста оның жабық арнасындағы видеолар туралы бұған дейін көп адам білмегенін, ең қызығы – оның бәріне үлкен айналымды Мөлдір Есембек беріп отырғанын айтты.

“Менің видеоларымды сату арқылы ақша жасағысы келетін неше түрлі хакер жігіттердің бар екенін білемін. Ал Мөлдірдің не қалайтынын түсінбеймін, оқырмандар ма?” – деді ол.

Ол сондай-ақ сұхбат барысында Say Mo-дан “Менен саған не керек?” деп ашық сұрады. 

Блогер рұқсатынсыз тараған видеоларына байланысты Say Mo мен өзге таратушылардан материалдарды өшіруді талап етті. Талап орындалмаған жағдайда, арыз жазатынын жеткізді.

“Егер видеоларды өшірмесеңіздер, жауапкершілікке тартыласыздар. Тегін таратып жүрген жігіттер де, сол тегін арнадан алып, ары қарай таратқан Мөлдір де. Өйткені олардың ешқайсысының менің авторлық құқығым бар видеоларымды пайдалануға құқығы жоқ. Мен арыз жаза аламын, моральдық шығынды да талап ете аламын. Бірақ мен адам сияқты келіп, сұхбатта өз оқиғамды айтып, осы адамдар мені естісе екен деймін”, – деді ол.

Айта кетейік, Камилла Теңлік – қазақстандық танымал блогер. Оның TikTok желісінде 1,8 миллион жазылушысы бар. Кейінгі екі жылда музыка саласына бет бұрып, бірнеше туындысын шығарды.

Еске салайық, бұған дейін Нұрболат Абдуллин мен Say Mo-ның биі сынға қалғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 03 Ақпан, 2026 19:14